• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Маусым, 2020

Ақмолада шегірткемен күреске 50 миллион теңге бөлінді

144 рет
көрсетілді

Ел шетінен шегірткенің естілгелі ақық дән өсіріп, ақтылы мал баққан қауымның көңілі күпті. Әнебір жылдары Ақмола облысының егістігі мен шабындығын тойымсыз шегіртке жайпап кеткен болатын. Өткеннің өкінішті жайы қайталанбас үшін бірқатар шаралар қолға алынуд, - деп хабарлайды Egemen.kz

Облыс бойынша өңделетін алқаптардың аумағы 35 мың гектар. Оның ішінде егістік те, жайылым да бар.  

–Жергілікті бюджеттен 49,9 миллион теңге бөлінді. Шегіртке белгі беруі мүмкін деген аймақ бақылауға алынған. Маусымның 5-інен 4 газ генераторларымен Есіл, Жарқайың, Сандықтау аудандарының егістік алқабы өңделеді. «Гиарон» мен «Каратэ» дәрі-дәрмектері қолданылады. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен қосымша тағы 150 миллион теңге бөлініп отыр,–дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының маманы Ербол  Жүсіпбеков.

Аудандарда жерді өңдеу жұмыстары шегірткенің бар-жоқтығына байланысты жүргізіледі.