"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарын) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 28 қантарды № 55 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»» Қорғаныс министрінің жаңа бұйрық жобасы әзірленді, - деп хабарлады Egemen.kz. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеген.
Өзгерістер "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 15- бабына және "2020 жылға арналған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау жоспарын бекіту туралы" ҚР Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 191 бұйрығының 47 тармағына сәйкес өзгерістер енгізілді.
Қосымша редакцияда ҚР ҚМ метрологиялық қамтамасыз ету және стандарттау орталығының атына әскери бөлімдердің қауіпті техникалық құрылғыларын ұстау және пайдалану туралы хабарламаларды жіберудің нақты мерзімдері белгіленген. Бұл қысыммен жұмыс істейтін жүк көтергіш механизмдерді, қазандар мен ыдыстарды қауіпсіз пайдалануды бақылау үшін қажет. «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңының 77-бабына сәйкес толықтырулар енгізілді.