• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Маусым, 2020

Алтай Көлгінов ерекше қажеттілігі бар балалардың аналарымен кездесті

191 рет
көрсетілді

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі ерекше қажеттілігі бар балалардың күтімімен айналысып отырған аналармен кездесті, - деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Кездесу барысында тұрғын үй, медициналық көмек және қосымша білім алу, жұмысқа орналасу, балаларды оңалту үшін жағдай жасау мәселелері көтерілді", – деп жазды Алтай Көлгінов өзінің Инстаграм парақшасында.

Оның айтуынша аталған бағыттар бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. "Оңалту орталықтарының желісін кеңейтеміз, ипподром базасында иппотерапиямен айналысуға арналған жабық манеждің құрылысы басталды. Сонымен бірге жаңа тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатында әлеуметтік нысандар ашылады. Инватакси саны екі есе артты. Медициналық көмек алуға, жұмысқа орналасуға және қосымша білім алуға көмектесеміз. Кездесуде айтылған мәселелер жұмысқа алынды", – деді Алтай Көлгінов.