Johns Hopkins University (JHU) мәліметі бойынша АҚШ-та індет жұқтырғандар саны 2 миллионнан асып жығылған, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Белгілі болғандай, АҚШ-та барлығы 2 000 464 адам COVID-19 жұқтырған. 533 504 адам індеттен айығып, 112 924 науқас көз жұмды.
Еске сала кетейік, ДДҰ 11 наурызда коронавирус індетін пандемия деп жариялаған болатын. Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде 7,3 миллионнан астам адам вирус жұқтырып, 416 мыңнан аса адам қайтыс болды.