• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Маусым, 2020

Мақтааралда мамандар тұрғындарға құрылыс талаптарын түсіндірді

289 рет
көрсетілді

Түркістан облысы әкімдігінің бастамасымен Nur Otan партиясының Мақтаарал аудандық филиалы Фирдоуси елді мекенінде құрылыс мамандарын шақыртып, мастер-класс ұйымдастырды. Ондағы мақсат – тұрғындарға құрылыс талаптарын үйретіп, баспаналардың сапалы әрі талапқа сай бой көтеруіне ықпал ету.

Cу тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданының тұрғындары арасында жаңа баспананы өздері салып алғысы келетіндер аз емес. Бұл орайда оларға мемлекет тарапынан құрылысқа қажет қаражат, яғни 17 млн теңге берілуде. Нақтырақ айтсақ, фирдоусилық 183 отбасының әрқайсысына 17 млн теңгенің 50 пайызы яғни, 8,5 млн теңгесі толық аударылған. Яғни жер бөлінген, қаржы бар, жағдай жасалған, тұрғындарға маманын тауып та іске кірісу ғана қалған болатын. Осы орайда оларға мамандардың кеңесі мен тәжірибесінің көмегі көптеп тигені анық. 

Шеберлік сабақ барысында тұрғындарға үйдің іргетасын құю кезінде қанша цемент қосу керектігі, кірпіш қалауда қандай талаптарды сақтау қажеттігі жан-жақты түсіндірілді. "Бүгін жергілікті партия белсенділер ұйымдастырған мастер-класс бізге өте қажет еді. Өйткені тұрғындардың көбі құрылыс жұмыстарының талаптарын біле бермейді. Осыны ескерген жанашырларға алғыс айтамыз", дейді Фирдоуси ауылының тұрғыны Мұхамеджан Мирзаходжаев.

Топан судан зардап шеккен Фирдоуси ауылында 338 үй бар болса, соның бүгінде 271-і толығымен бұзылған. Бүгінде 26 үйдің іргетасы құйылып, 3 баспананың қабырғасы қалануда.