• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Маусым, 2020

Жапон ғалымдары вирус жоятын маска жасап шығарды

2728 рет
көрсетілді

Әлем ғалымдарының бүгінгі зерттеу жұмыстары дүниежүзін дүрліктірген пандемияның шешімін табуға арналғандай.

Жапонияның ғалымдары жергілікті Мейсей тігін компаниясы мен бірлесіп COVID-19 вирусын 4 сағатта жоя алатын жаңа мыс талшықтарынан жасалған маскасын таныстырды.   Бұдан бұрынғы зерттеулерге (NIH) негізделгенде COVID-19 вирусы пластик бетінде 3 күн, мыстың бетінде 4 сағат өмір сүре алатынын білген соң дереу мыстан маска жасауға кіріскен, нәтижесінде жергілікті Мейсей (Meisei) тігін компаниясымен бірлесіп мыс талшықтарынан жіп, сосын мата дайындалған.   Негізінде айтуға оңай болғанымен мыс тан жіп дайындау оңай шаруа емес, оған үлкен ғылыми тәжірибе мен техника керек. Мұнда ғалымдар фотокаталитик спин әдісін қолдандық дейді.

Осы жаңалыққа қатысты жа­рияланған фотоларды мұқият қарағанымызда, ғалымдар мен тігін компаниясы өкілдерінің қолындағы тор маскаға көзіміз түсті. Мұрын тұсы ғана мыс ма­­тадан, қалған жері тордан ті­гілген екен. Бұл қазіргідей жаз­дыгүні масканы таға алмай, тұншығып жүргендерге едәуір сеп болатыны сөзсіз. Айтпақшы, ға­лымдар мен тігіншілер мыс матадан қолғап пен қол сүрт­кіштерді де өндірген.