• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Маусым, 2020

Иранда дайындалған сүт өнімдері Алматыға жетті

692 рет
көрсетілді

"Иран - сүт өндіру саласындағы аймақтық көшбасшы. Иранның сүт өнеркәсібі қауымдастығы елде жылына 7 миллион тонна сүт өндірілетіндігін хабарлады. Мемлекеттік саясат экспортты субсидиялар арқылы қолдауға бағытталған. 2019 жылы шамамен 770 миллион долларға 450 мың тонна,  2020 жылы 1 млрд АҚШ долларына сүт экспортталады", - деп хабарлайды Egemen.kz.

Маусым айының бас кезінен бастап Алматы дүкендерінің сөрелерінде Kalleh Иран сүт өнімдері саудалана бастады.  Өткен жылдан бастап Қазақстан, ішкі нарықтағы сүт өнімдерінің 90 пайызын өз күшімен қамтамасыз еткен.

Иран сүтін Қазақстанға жеткізумен айналысатын Mehkaz. қазақ-иран біріккен кәсіпорны. Компанияның логистика бөлімінің директоры  Теймур Фараджов кеше журналистермен кездескен кезде алғашқы партия 2019 жылдың басында жеткізілгенін айтты. Қазақ нарығы Иран үшін зерттеліп үлгермеген нарық болғандықтан, 4 тонна импорт сүт жеткізілсе, қазір оның мөлшері  60 тоннаға жетті.  Қазір Иран сүті Алматының бірнеше сауда орындарында, Шымкентте сатылып жатыр.

Қазақстан Сүт одағының сарапшысы Дінмұхамед Айсаутов иран сүті импорт деңгейіне әсер ете алмайтынын, ол нарықтағы жаңа ойыншы екенін  айтты. Бірақ бұл назардан тыс қалмау керек. 2019 жылы 4 тоннадан басталған импорттың қазіргі көлемі – 60 тонна. Егер, импорт деңгейі өсе берсе, қазақ кәсіпкерлеріне тағы бір мықты бәсекелес деп тануға болады.  

Айсауытов Қазақстанның сүт өнімдері нарығына әлемдік тұтынушылар нарығының талабына тез бейімделе алатын  сипаты бар деп баға берді. Қазақстан сүт одағының мәліметтері бойынша, бүгінде елімізде сатылатын 1,5 млн тонна сүттің 77% -ын ұсақ шаруашылықтар өндіреді. Егер үлкен қожалықтардан алынатын сүтке ешқандай шағым болмаса, жеке мал ұстайтындарға айтылатыны жеткілікті. Шикізат сапасына ауыл арасының алшақтығы, сүт жинау желісінің дамымауы, мамандар тапшылығы, ақыр аяғы жекеменшікте  антисанитарлық жағдайда дайындалған сүт сапасы кері әсер етеді.

Қазақстан Сүт одағының атқарушы директоры Владимир Кожевниковтың айтуынша, тағы бір үлкен мәселе – жазда сүт зауыттарына сүт артығымен жеткізілсе, қыста олар шикізаттан қысылады. Нәтижесінде зауыттар құрғақ сүт ұнтағына тәуелді, оның 90 пайызы  шетелден жеткізіледі. 

Соңғы мәліметтер сүт өнімдері импортында үнемі өзгерістер бар екенін айтады. Мәселен, 2014 жылы Қазақстанға сүттің негізгі импорттаушылары Ресей (жалпы импорттың 60%), Украина (13%), Беларусь (10%), Қырғызстан (8%), Франция, Литва және Польша әрқайсысы 3% жеткізді. 2018 жылдан бастап Беларуссия көшбасшы болды (55%), Ресей өз үлесін 24%, Қырғызстан - 4%, Украина - 7% дейін азайтты. ЕО өз үлесін 9% деңгейінде сақтап қалды. 1% "басқа жеткізушілерге", соның ішінде ирандық өндірушілерге тиесілі. Сонымен қатар, сүт өнімдерінің жалпы импортындағы ауыз сүттің үлесі 5% құрайды.

Иранның сүт өнеркәсібінде табиғи шектеулер бар: су мен жемшөптің жетіспеушілігі, бұл қатал климатқа байланысты. Ауылшаруашылық министрлігі ұсынған деректерде сауын сиырлардың саны   9 миллион деп көрсетілген. Орташа сүт өнімділігі жылына 10 мың литрден асады, ал сүттің майлылығы 3,1–3,2% құрайды.

Иран сүті Таяу Шығыс және Орта Азия нарықтарына жеткізіледі. Негізгі сатып алушылар - Ирак пен Ауғанстан. 2016 жылдан бастап Ресей негізгі сауда серіктестерінің біріне айналды.

Сүт экспорттаушыларына мемлекеттік  субсидиялар қолдау көрсетіледі.