• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Маусым, 2020

Атырауда есірткі жарнамалары өшірілді

Қаладағы көп қабатты үйлер мен ғимараттардың қабырғасына салынған синтетикалық есірткіні жарнамалайтын суреттер кездеседі. Бұл әрине, заңға қайшы, - деп жазады Egemen.kz.

Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері волонтерлермен бірге осындай жарнама тұрғысындағы граффити жазуларды өшіруге кірісті. Олар екі күн ішінде 50-ден астам жазуды өшірді.

"Атырау облысының полиция департаменті тұрғындарды адамдардың денсаулығына қауіп төндіретін есірткінің таралуына бейжай қарамауға және оған қарсы күресте азаматтық ұстанымды белсенді түрде көрсетуге шақырады", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар