• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Маусым, 2020

90 мемлекеттік қызметті SMS-пароль арқылы алуға болады

255 рет
көрсетілді

Қазіргі уақытта азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ,  90 мемлекеттік қызметті SMS-пароль арқылы ала алады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев халыққа есеп беру кездесуінде айтты, - деп жазады Egemen.kz

"Қазіргі уақытта азаматтар  90 мемлекеттік қызметті SMS-пароль арқылы ала алады. Бұлар, негізінен анықтамалар мен сервистер. Бірақ компания ашу, мекенжайға тіркелу, көлікті қайта тіркеу сияқты қызметтерге ЭЦҚ қажет. ЭЦҚ-ны ХҚКО-на бармай, қашықтан алу туралы ұсыныс өте көп айтылды. Сол себепті біз ЭЦҚ-ны қашықтан алу мүмкіндігін тез арада жүзеге асырдық. Пайдаланушыны идентификациялау видео арқылы жүргізіледі. Нәтижесінде, ТЖ кезінде 600 мыңнан астам ЭЦҚ берілді.  Бұл процеске бүгінгі күні ЦОН-ның 800-ден астам қызметкері қатысуда", деді министр.

Сондай-ақ ЭЦҚ-ны қолдану процесін жеңілдету жиі айтылды.  Өйткені, арнайы бағдарлама орнату кейбір азаматтарға қиын болды. Қазір осы процесті жеңілдету үшін жұмыс жүргізіліп жатыр.

"Біріншіден, қызметтерді QR-код арқылы алу мүмкіндігін енгіземіз. Азамат компьютерде өтінімді толтырып, оны мобильді қосымша арқылы сканерлеп жібере алады. Екіншіден, біз қазір бұлтты ЭЦҚ-ны іске қосумен айналысып жатырмыз. Қосымша бағдарлама орнатпай пайдалануға болады. Жаздың соңына дейін оны пилоттық режимде іске қосамыз деп ойлаймын", деді Асқар Жұмағалиев.