• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Маусым, 2020

ҰБТ тапсырушы түлектер бет-әлпетті анықтайтын құрылғыдан өтеді

290 рет
көрсетілді

Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, өңірде биыл  3772 түлек мектеп бітірген. Олардың ҰБТ-ға дайындығы қашықтан жүргізілуде. Бұл ретте BilimLand, iTest, Daryn Online сияқты білім ресурстарының заманауи технологияларды қолданылып жатыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Сондай-ақ 11-ші-сынып түлектері ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы білімдерін онлайн түрде тексере алады. ҰБТ шарасы өңірімізде 21 маусым 4 шілде аралығында өтеді. Тест тапсыруға арналған 9 орын дайындалған. Оқушылар медициналық бетперде мен қолғап киеді.

Аудандарда да барлық жағдай қарастырылған. Қазіргі уақытта 56 аудитория дайындалды. Биыл бұл сынақты тапсыруға 3250 түлек дайындалуда. Бұл мектеп бітірушілердің 86,2 пайызын құрайды. ҰБТ тапсыру кезінде аудиториядағы орындар санының 50 пайызға қысқарады. Нысандар заңсыздыққа жол бермейтін арнайы құрылғылармен жабдықталған, бейнебақылаумен қамтылған.

Оқушылардың басым көпшілігі облыс орталығындағы мемлекеттік педагогикалық университетінің аудиториясында тапсырады. ҰБТ тапсыру кезінде аудиториядағы орындар санының 50 пайызға қысқарады. Биыл түлектер тұңғыш рет бет-әлпетті анықтайтын құрылғыдан өту арқылы аудиторияға кіргізіледі.  Сертификат электронды негізде берілмек.  Ал ата-аналар балаларын онлайн режимде бақылай алады. Тестілеу науқаны кезінде санитарлық шара қатаң сақталады.

Сонымен қатар қосымша кабинеттер де бар. Медициналық бөлімше мен жедел жәрдем қызметінің мамандары да жұмыс істейді. Шалғай ауылдан келген оқушыларды жататын орынмен және тамақпен қамту мәселесі де шешіледі. Тасымалдайтын көліктер техникалық байқаудан өткізіледі.

Өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов ҰБТ-ны ойдағыдай өткізуде қажетті шараларды облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен облыстық полиция департаментінің басшылығына қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды.

Павлодар облысы