• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Маусым, 2020

Қызылорда облысының тұрғыны есірткі сатқаны үшін ұсталды

215 рет
көрсетілді

"Қарасора-2020" арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлері Қазалы ауданының есірткі сатқан 56 жастағы тұрғынын ұстады, деп жазады Egemen.kz

Тексеру барысында күдіктінің өз үй ауласында құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді еккені анықталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің   297-бабының 1-бөлігімен және 300-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті Қазалы аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

"Қарасора-2020" жедел профилактикалық шарасы аясында 10 күнде есіркіге қатысты 28 құқық бұзушылық анықталса, оның 17 дерегі қарасораны өсіруге байланысты болып отыр.