• RUB:
    5.02
  • USD:
    487.24
  • EUR:
    529.34
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Маусым, 2020

Оқуға түсу үшін ҰБТ-ның шекті балы белгіленді

8422 рет
көрсетілді

Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін қажетті ҰБТ-ның шекті балы белгіленді, - деп жазады Egemen.kz

Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін:

ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін – кемінде 65 балл, ал басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына кемінде 50 балл; "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария» білім беру салалары бойынша кемінде 60 балл; "Педагогикалық ғылымдар" бойынша кемінде 70 балл; "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" саласы бойынша кемінде 65 балл қажет.