• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Маусым, 2020

Алматы облысында қызметші үй иелерін тонап кетті

599 рет
көрсетілді

Полиция қызметкерлері бір тәулік ішінде “үй ұрысын” анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 маусымда Кербұлақ аудандық полиция бөліміне Қоғалы ауылының 67 жастағы тұрғыны өзінің 350 мың теңге көлеміндегі ақша соммасын ұрылардың үйінің терезесін қысу арқылы қолды қылғаны туралы арызданған. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі 3-тармағы (тұрғын үй-жайға заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) бойынша  тіркелді.

"Ұсталған Ескелді ауданының 37 жастағы тұрғыны 2004 жылы осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылған. Күдікті ұрланған ақшаға ауыл дүкендерінің бірінен әмиян мен көзілдірік сатып алу кезінде ұсталды. Жеке тексеру қорытындысына сәйкес күдіктіден қолды болған ақша соммасы толық емес күйінде алынды, әйелдің қалған сомманы қайда жұмсағанын тергеу амалдары анықтап жатыр",  деп хабарлады Кербұлақ аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Әлішер Каптағаев.

Үй иелерінің қонақ бөлмедегі сандықта үлкен ақша соммасын сақтайтынын екі күн бойы үй қызметшісі болып жұмыс істеген әйелдің кездейсоқ білгені анықталды. Ұрлық жасауға бел буған ол, түнгі 03.00 шамасында терезе арқылы ақшаны алып, жасырынған. Қолды болған ақшаның заңды иесі полицейлерге кәсіби шеберлігі мен жеделдігі үшін алғыс білдірді.