Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия елімізде тағы 131 адамның коронавирустан жазылғанын мәлім етті,-деп хабарлайды Egemen.kz.
Нұр-Сұлтан қаласында – 22, Алматы қаласында – 30, Шымкент қаласында – 1, Шығыс Қазақстан облысында – 8, Қарағанды облысында – 19, Қызылорда облысында – 31, Қостанай облысында – 2, Батыс Қазақстан облысында – 13, Павлодар облысында – 1, Маңғыстау облысында – 4 адам коронавирустан жазылды.
Елімізде барлығы 8 531 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.