• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Маусым, 2020

Шымкенттің сырасы шетелге экспортталады

555 рет
көрсетілді

Шымкенттегі кәсіпкерлікті қолдау мақсатында бүгін қала әкімі М.Әйтенов “Шымкент сыра” зауытына барды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

“Шымкент сыра өндіру зауыты” ЖШС-ның атқарушы директоры Наталья Антонова Шымкент қаласының әкіміне өндірістің ішкі жұмыстарын таныстырып қана қоймай, болашақтағы жоспарларын да баяндады.

Сыра зауыты бүгінде 500 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жақын күндері квас секілді алкогольсіз өнім шығаруды жоспарлап отыр. Отандық өнім ішкі нарықты ғана емес, өзге елді де қамтуда. Мәселен, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Қытайға да жөнелтіледі.

Зауытты аралау кезінде қала басшысы Мұрат Дүйсенбекұлы кәсіпкерлікті дамыту бағытында мемлекеттік бағдарламалар аясында инвестиция тарту жолдарын қарастыру жөнінде тиісті басқарма басшысына тапсырма берді.