• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Маусым, 2020

Санитарлық нормалардың сақталуын тексерді

442 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мобильді тобы полицейлермен және эпидемиологтермен бірлесіп, кәсіпорындардағы санитарлық нормалардың сақталуын қадағалайтын рейдтер жүргізеді.

Рейд барысында қонақүй­лер, базарлар, мейрамханалар мен дәмханалар және т.б. көп­шілік орындар тексерілген.

«Бүгінгі таңда біз елордалық бас санитарлық дәрігер қаулы­сының сақталуына монито­ринг жүргізудеміз. Осы уақыт аралығында Сарыарқа ауда­нындағы 300 нысанға мониторинг жүргізілді. Оның ішінде 100 нысанда санитарлық шаралар сақтамаған. Нысандар бұл олқылықты түзеткенге дейін жабылды. Кәсіпкерлерге түсіндіру жүргізілді. Нысандар саннормаларды қатаң сақтауға міндетті: кіре берісте санитайзерлер (антисептиктер) болуы тиіс, қызметкерлер мен клиенттер бетперде кию керек. Сондай-ақ үстел арасындағы 2 метр қашықтықты сақтауды қамтамасыз ету маңызды. Ке­лу­­ші­лер маска тағып жүруі қа­жет», деп атап өтті Сарыарқа аудан­дық Тауарлар мен көрсе­тілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау депар­таменті санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Дамира Нұран.

Егер келуші жоғарыда атал­ған ережелердің сақтал­мағанын байқайтын болса, 109 нөміріне хабарласуға немесе Тауарлар мен көрсе­тілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін ба­қылау басқармасының кез келген бөлімшесіне қоңырау шалып немесе өтініш/шағым жаза алады.

«Барлық жауапкершілікті сезініп, санитарлық нормаларды сақтай­тын азаматтар бар. Алайда санитарлық нормалар мен талаптарды елемейтіндер де кездеседі. Біз жеткілікті мөлшерде антисептик сатып алдық. Кіре берісте қонақтар мен қызмет­к­ерлер қолын өңдей алады. Бар­лық жерде желдету жүйесі қон­дырылған. Барлық құрал-жабдықтар, оның ішінде үс­телдер мен орындықтар арнайы сұйықтықпен өңделеді», дейді «Избушка» асханасының әкімшісі Гүлжаухар Биғалиева.

Кәсіпкерлер санитарлық нормаларды қатаң сақтауы тиіс, өйткені індетті жұқтыру қаупі әлі де сақталады. Сани­тарлық нормалар сақталма­ған жағдайда, нысандар өз жұмы­сын тоқтатады.