• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Маусым, 2020

Батыс Қазақстанда екі күнде екі бала терезеден құлады

342 рет
көрсетілді

Орал қаласында соңғы екі күнде – 10-11 маусымда көп қабатты тұрғын үйлердің терезесінен екі сәби құлап түсті, - деп хабарлайды Egemen.kz

"10 маусым күні сағат 14.58.-де Орал қаласының Солтүстік-Шығыс шағын ауданындағы 5 қабатты тұрғын үйде ата-анасының қарауынсыз қалған 2017 жылы туған ұл бала терезеден құлап, ауруханаға жатқызылды. 11 маусымда сағат 11.04.-де Вокзал көшесі бойынша орналасқан 5 қабатты үйде ата-анасының қарауынсыз қалған 2019 жылғы қыз бала да терезеден құлап, ауруханаға жеткізілді" деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Балалар жарақаттаның алдын алу жөнінде өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті мен оның аумақтық бөлімшелері жақында ғана "Қауіпсіз балалық шақ" және "Тұрмыстағы қауіпсіздік" атты профилактикалық және имидждік бейнероликтер әзірлеп таратқан болатын. Әсіресе көп пәтерлі тұрғын үйлердің терезесінен балалар құлап кетпеуін сақтандыратын ақпарат-жадынаманы Орал қаласындағы көп пәтерлі тұрғын үйлердің 1096 кіреберісіне желімдеп шыққан.

Бұл акцияға Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының "Жаңғыру жолы" жастар бірлестігі белсене қатысып, биік үйде тұратын көп балалы, аз қамтылған отбасылардың тізімін анықтады.

"Осы челлендж аясында 11 отбасының пәтеріне терезені қауіпсіз ететін құрылғы орнатылды. Кәсіпкерлер болашақта 100-ден астам отбасының пәтеріне осындай қауіпсіздік құрылғысын орнатуды жоспарлап отыр", дейді Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Талғат Темірғалиев.

 

Батыс Қазақстан