• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Парламент 12 Маусым, 2020

Мәжіліс депутаттары коронавирусқа тест тапсырды

471 рет
көрсетілді

Мәжіліс коронавирустық инфекцияның таралмауы үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Алайда, коронавирустық инфекцияны анықтауға арналған тест Мәжіліс депутаттарының бірінде оң нәтиже көрсетті. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханнан коронавирустық инфекция анықталып, ол қажетті емдеу курсын қабылдауда. Мәжіліс депутаты инфекция анықтағанға дейін қашықтан жұмыс істеу режимінде болған. Бүгінгі таңда депутаттық корпустан да, Аппарат қызметкерлерінен де аталған ауру белгілері анықталған жоқ.

Депутаттарға карантиннің алғашқы күндерінен бастап, Мәжіліс ғимаратында жалпы отырыс күндері, сондай-ақ негізгі заң жобалары бойынша комитеттер мен жұмыс топтарының отырыстарында ғана келуге кеңес берілді.Осы тұрғыда, жасы 65-тен асқан Мәжіліс депутаттары қашықтықтан жұмыс істеу режиміне өтті. Барлық жалпы отырыстар онлайн режимінде таратылуда. Жұмыс топтарының жетекшілері заң жобалары бойынша жұмысты байланыстың қазіргі түрлері аудио-видео конференциялар, конференциялық қоңыраулар және т.б.арқылы ұйымдастыруда. Мәжіліс ғимаратында карантиннің алғашқы күндерінен бастап коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмайтын сақтық шаралары енгізілді.

Эпидемиологиялық бақылау үшін ғимараттың кіреберістері медициналық жылу өлшегіштер және антисептикалық заттармен жабдықталып, ғимарат дезинфекциялық құралдармен өңделіп, маскалық тәртіп қатаң сақталуда. Сондай-ақ, аппарат қызметкерлері арасындағы әлеуметтік қашықтық орнатылып, олардың 80%-ы қашықтағы жұмыс тәртібіне ауысты.

Сонымен қатар, жалпы отырысқа қатысатын Мәжіліс депутаттары және аппарат қызметкерлері үнемі коронавирустық инфекцияға қарсы тесттер тапсырады.