• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Маусым, 2020

Мақтааралда 120 мың тонна қарбыз-қауын ТМД елдеріне экспортталды

496 рет
көрсетілді

Түркістан өңірінде бір алқаптан 2-3 өнім алу жобасы өз нәтижесін беруде, - деп жазады Egemen.kz

Мысалы, Мақтаарал ауданы Жалын елді мекенінде орналасқан "Жорабек" шаруа қожалығы қарбыздың "долби" атты сұрпын егіп, ол 60 күнде пісіп - жетілген. Қожалық басшысы Райымбек Қалдыбаев қарбыздан соң енді егістік жеріне мал азықтық дақыл түрлерін егіп, бір жылда екі рет өнім алмақшы. Ал қарбыздың 25 тоннасын шетелге жөнелтпек.

Мақтаарал аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ғалым Дүйсенбековтің мәлімдеуінше, бүгінге дейін өңірде қарбыздан 1000 тонна және қауынның 20 тоннасы ТМД елдеріне экспортталған. Жалпы аудан бойынша биыл 10 667, 3 гектар жерге бақша дақылы егілген. Оның ішінде пленкалы қауын 3 535,7 гектар, ашық топырақта егілген қауын 5867,6 гектарды құрайды. Сондай-ақ, пленкалы қарбыз 831 гектарды, ашық топырақта егілген қарбыз аумағы 433 гектарға жетіп отыр.

 

 

Түркістан облысы