• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Маусым, 2020

Ақтөбеде карантин күшейтілді

394 рет
көрсетілді

Облыстың бас санитар дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңа қаулы шығарды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Бірқатар кәсіпкерлік обьектісі жабылып, базарлардың жұмыс уақыты қысқарады.

"Ақтөбе облысы бойынша шектеу шарасы бар, оны күшейтуге қаулы қабылданды. Себебі қарапайым шектеу шарасы сақталмай, індет жұқтырғандар көбейді. Бүгіннен бастап интернет, компьютер клубтары, саябақ, скверде, ойын-сауық орындарындағы балалардың ойын алаңы жұмысын тоқтатты. Біз 15 маусымнан бастап сауықтыру лагеріне жұмыс істеуге рұқсат беріп едік, бірақ бәрі кейінге шегерілді. Түнгі клубтар мен караоке жабылды. Бұқаралық шараларға, еске алу кештеріне тыйым салынды. Қонақ шақыруға болмайды. Көрме, форум, конференция өткізілмейді. Саябақтағы тамақтану дүңгіршектері жабылды",  деді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.

Сонымен бірге қоғамдық көлік 6:00-ден 21:00-ге дейін жүреді. Тек жұмысқа барып-келуге, азық-түлік сатып алуға ғана сыртқа шығуға болады. Себепсіз көшеде жүру де тоқтауы тиіс.

"Түрлі тауар сататын, мал, киім-кешек, автокөлік, құрылыс базарлары дүйсенді-бейсенбі аралығында 09:00-ден 15:00-ге дейін, ал жұма-жексенді күндері 10:00-ден 16:00-ге дейін болады. Азық-түлік дүкені, супермаркеттер 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Соңғы деректер бойынша адамдар базарға барған, балалармен ойын алаңдарынды қыдырып, қонақ шақырған. Бұл дұрыс емес",  деді Нұрсұлу Беркімбаева.