COVID-19 диагнозы ПТР-тестілеудің нәтижесінде анықталған. Қызметкердің жағдайы қалыпты. Ауру симптомсыз өтуде, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Айта кету керек, қызметкердің жұмысы өнеркәсіп алаңында тұрақты болуымен байланысты емес. Оқиға Қарағанды қаласындағы кеңсе қызметкерлері арасында тіркелді.
Қызметкермен тығыз байланыста болған тұлғалар шеңбері анықталды. Сырқаттанып қалған қызметкердіңжұмыс орындары мұқият дезинфекцияланды.
Бүгінде "Шұбаркөл Көмір" АҚ штаттық режимде жұмыс істеп тұр, өндірістік процес коронавирус инфекциясының алдын алудың барлық нұсқамаларынсақтай отырып, қандай да бір өзгерістерсіз жүзеге асырылуда. Барлық үй-жайлар мен көліктерге санитарлық өңдеу және дезинфекция үнемі жүргізіледі, маска режимі сақталады.
Ауырып қалған қызметкерге барлық қажетті көмек көрсетілді.
"Шұбаркөл көмір" АҚ және ERG өнімді тұтынушылар алдындағы міндеттемелерді одан әрі толық көлемде орындау үшін барынша күш салып жатыр.
Барлық қазақстандықтарды жеке қорғаныс ережелерін мұқият сақтап: маска киіп жүруге, антисептик қолдануға, мүмкіндігінше қоғамдық орындарға бармауға тырысып, барған күннің өзінде қауіпсіз қашықтықты сақтауға шақырамыз, делінген хабарламада.