• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Маусым, 2020

Минералдық ресурстардың жеке Ұлттық деректер банкі әзірленуде

399 рет
көрсетілді

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ақпараты бойынша, 2019 жылдың соңында минералдық ресурстардың Ұлттық деректер банкін әзірлеу басталды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Бұл болашақта инвесторлардың геологиялық ақпараттың электрондық базасына қол жеткізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен жер қойнауын пайдаланушылардың өзара қарым-қатынасын цифрлық форматқа ауыстыруға септігін тигізеді.

Ағымдағы жылы жүйенің функционалы тестілік режимде жұмыс істейтін болады, минералдық ресурстардың Ұлттық деректер банкін өнеркәсіптік пайдалануға беру 2021 жылға жоспарланып отыр.