• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Маусым, 2020

Жамбыл облысында карантиндік шаралар қайта күшейтіледі

1222 рет
көрсетілді

Бүгінгі таңда Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырудың 467 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 289 адам сауығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылған. Дегенмен, облыстың бас санитар дәрігері Ғазиз Надуев өңірде карантиндік шаралардың күшейтілетінін мәлімдеді. Облыстағы карантин режимінің ұзартылуы коронавирус инфекциясының көбеюінен болуы мүмкін.

Жамбыл облысының аумағында 14 маусым күні сағат 00:00-ден бастап карантиндік шара қайта күшейтіледі. Дегенмен, әзірге көлікпен облыс аумағынан және облыстың барлық ауылдарынан кіріп-шығуға рұқсат бар. Алайда, облыс пен елдімекендердің арасындағы халықтың қозғалысына сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін тыйым салынған. Ал, 15 маусымнан бастап Тараз қаласына тек арнайы рұқсатнамасы бар азық-түлік тасымалының көліктері мен қоғамдық көліктердің кіруіне рұқсат етілген. Олар сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін қала ішіне кіре алады.

Жамбыл облысы