Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқыс оқиға 13 маусымда қаладағы "Қара депо" шағынауданында орын алыпты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Жергілікті уақытпен сағат 19:50 шамасында 6 жасар қыз үйінен ойнауға шығып кетіп, қайта оралған жоқ. Өкінішке орай, туыстары кішкентай қызды ауладағы дәретхананың шұңқырынан тапты.
"Іздестіру барысында 6 жасар қыздың жеке үйдің ауласындағы дәретхананың шұңқырына түсіп кеткені анықталды. Шұңқырдың тереңдігі – 2 метр. Баланың өлі денесі дәретхана шұңқырынан кешкі сағат 21:50-де шығарылды", -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.