• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Маусым, 2020

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандар саны артуда

441 рет
көрсетілді

Соңғы уақытта Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырғандардың саны артуда. Бір аптаға жетпейтін мерзім ішінде қауіпті індетпен ауырудың 29 дерегі тіркелді. Олардың негізінен Тараз қаласынан анықталған. Сонымен қатар Байзақ, Жамбыл, Т.Рысқұлов және өзге де аудандардан коронавируспен ауырған тұрғындар анықталған, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгінгі таңда барлық науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Сонымен қатар науқастармен байланыста болған тұлғалар анықталып, карантинге алынған. Ошақтарда қорытынды дезинфекциялық өндеу шаралары жүргізілген. Ал, соңғы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирус жұқтырудың 491 жағдайы тіркелген.

Сондай-ақ бүгінде өңірде карантин талаптары қайтадан күшейтілді. Барлық мекемелер, нысандар және өзге де рұқсат етілген жерлер карантин талаптарына сай жұмыс атқаруда.

 

Жамбыл облысы