• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Маусым, 2020

Есірткі тасымалдаған Байқоңыр тұрғыны Аралда ұсталды

335 рет
көрсетілді

13 маусым күні Қызылорда облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының патрульдік полиция ротасының қызметкерлері "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" республикалық тас жолының 1324-шақырымында шетелдік мемлекеттік нөмірі бар автокөлікті тоқтатып, тексереді. Көлікті тексеру кезінде артқы орындықтағы  жолаушының сөмкесінен полиэтилен пакетте скочпен оралған есірткі затына ұқсас жасыл түсті, өзіне тән ерекше иісі бар шөп ұнтақтары алынды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Сараптама қорытындысы бойынша оның жалпы салмағы 415,85 грамм болатын, кептірілген марихуана екендігі анықталды.

Байқоңыр қаласында тұратын күдікті Арал ауданы Полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 3-бөлігінің 3 – тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.