• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Маусым, 2020

Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

355 рет
көрсетілді

"Қазгидромет" РМК ауа райының бұзылуына байланысты 16 маусымға бірнеше өңірде ескерту жариялады, - деп жазады Egemen.kz.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күшейетіні күтіледі.

Ақмола облысында кей жерлерде найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады. Өңірдің басым бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады. Екпіні кей жерлерде 23 м/с жетеді. Шаңды дауыл сақталады.

Айтарлықтай жауын-шашын күтілмегенмен, температураның 5...10°С-қа төмендеуі байқалады.