Көктемгі маусымда судан маржан сүзген балықшылар осынша балықты бекіре шабағын өсіретін екі зауытқа тапсырды, - деп жазады Egemen.kz.
Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының ресми өкілі Олег Тушкановтың мәліметіне сүйенсек, өңірдегі балық шаруашылығымен айналысатын құрылымдар 6 492 тонна балық аулады.
"Оның ішінде Атыраудағы екі бекіре шабағын өсіру зауыты үшін 289 бағалы балық бар. Бұлар – салмағы 148 кг аналық қортпа, 15 бекіре, 252 шоқыр мен 21 сүйрік. Аталған зауыттарда өсірілген бекіре шабақтарын Жайық өзеніне жіберу шілде айына жоспарланып отыр. Сондай-ақ Жайық пен Қиғаш өзендерінен, Каспий теңізінен балық аулаған құрылымдардан балық қорларын пайдаланғаны үшін бюджетке 121 млн теңгеден астам қаржы түсті", - деп хабарлады Олег Тушканов.