Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров өзін-өзі оқшаулау режиміне ауысты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан хабарлады.
"Оның нәтижесі теріс. Алайда, коронавирустық инфекцияны диагностикалау мен емдеу хаттамасына сәйкес Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы белгілі бір уақыттан кейін қайта анализ тапсырып, қауіпсіздік мақсатында өзін - өзі оқшаулауда болады", - деп хабарлады баспасөз хатшысы.