"Nur Otan" партиясы журналистер арасында жыл сайын өтетін "Nur Suńqar" республикалық байқауының басталғанын хабарлады, - деп жазады Egemen.kz.
Қазіргі таңда "Nur Suńqar" сыйлығы – қазақстандық журналистердің ең үздік шығармаларына берілетін отандық медиа саласындағы беделді марапаттардың бірі. Сыйлық отандық БАҚ пен журналистиканың дамуына серпін беруді көздейді.
Байқауға еліміздің қоғамдық-саяси тақырыптағы, экономикалық, рухани жаңғыру және партияның бағдарламалық құжаттары мен жобаларын іске асыруға арналған, сондай-ақ партия мен оның Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың қызметі жайлы материалдар қабылданады.
Байқау шарты бойынша 2019 жылдың 1 қыркүйегі мен 2020 жылдың 18 маусымы аралығында жарық көрген әртүрлі жанрдағы: очерк, сұхбат, мақала, теле және радиохабар, журналистік зерттеу материалдары қабылданады.
Байқау жұмыстары қазақ және орыс тілінде тапсырылады. Өтініштер 2020 жылдың 19 мамыры мен 18 маусымы аралығында Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23:00-ге дейін қабылданады.
Жеңімпаздар 9 аталым бойынша анықталады:
"Телевизия үздігі" – үздік телевизиялық журналист;
"Ұшқыр қалам" – үздік газет журналисі;
"Үнжария" – радионың үздік журналисі;
"QazNet үздігі" – интернет басылымның үздік журналисі»;
"Партияның "қайта жандануы" бойынша үздік материал»;
"Елбасы салған сара жол" – Елбасы қызметін үздік жарыққа шығарғаны үшін;
"Блогосфера үздігі" – әлеуметтік желідегі үздік жарияланым;
"Алғы шеп" – Төтенше жағдайды жария ету бойынша қажырлы еңбегі үшін;
"Біз біргеміз" – волонтерлік жұмыс туралы үздің жарияланым; Жеңімпаздар Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында марапатталады.
Байқау жеңімпаздарына ақшалай жүлде мен бағалы сыйлықтар табысталады. Байқау ережесімен партияның сайтынан танысуға болады.
Ал материалдарды ұйымдастыру комитетінің nursunqar2020@nurotan.kz электронды поштасына жолдай аласыз. Қосымша сұрақтар бойынша 8 776 777 09 22 нөміріне Сеит Айшолпанға хабарласуға болады.