• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Маусым, 2020

Ұлттық қорғаныс университетінде өзгерістер болды

447 рет
көрсетілді

Тұңғыш Президент – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде Әуе қорғанысы күштері, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс, тыл және қару-жарақ мамандарын даярлау үшін штаттық-ұйымдастыру іс-шаралар өткізілді. Бұл туралы нұсқауды бұған дейін Қорғаныс министрі берген болатын, - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар үшін әскери кадрларды сапалы даярлау мақсатында университетте ішкі оңтайландыру есебінен және штат санының лимиті шегінде штаттық-ұйымдастыру іс-шаралар өткізілді.

Әуе қорғанысы күштері кафедрасы Әуе қорғанысы күштері және ақпараттық жүйелер қауіпсіздігі факультетіне дейін көтерілді. Бұл әскери-әуе күштері мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері үшін жедел-тактикалық буын офицерлік кадрларын даярлау сапасын жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету әскерлері факультеті тылдық және техникалық қамтамасыз ету факультеті болып қайта құрылды. Осылайша, әскерлерді қамтамасыз етуге жауапты мамандарды даярлау болып бөлінген. Арнайы тереңдетілген бағдарлама бойынша командир орынбасарларын қоса алғанда тылдық қамтамасыз ету мамандарын жеке даярлайды, ал ұрыста техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру және жоспарлау бойынша командир орынбасарларын қоса алғанда,қару-жарақ пен әскери техника мамандарын жеке даярлайды.

Мұндай өзгерістер ал уақыт талабына сай болып табылады. Олар қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың сипатын ескере отырып, екі санаттағы мамандардың біліктілік деңгейіне қойылатын талаптардың өсуінен туындады.

Ұлттық қорғаныс университеті Орталық Азия аумағының ең ірі әскери жоғары оқу орны болып табылады жәнеде қазіргі уақытта кадрларды, оның ішінде шетелдік әскери қызметшілерді даярлау спектрін кеңейту, елдің ұлттық қауіпсіздігі мүддесінде әскери ғылымды дамыту жөніндегі перспективалық міндеттерді шешуде.

Оқу орнында әскери кадрларды даярлау мемлекеттің қазіргі заманғы әскери ұйымының міндеттерін сондай-ақ елдің әскери қауіпсіздігіне жаңа қауіп-қатерлерді ескере отырып жүзеге асырылады.

Жаңа үлгідегі оқу орны, әскери білім беру және зияткерлік әскери элитаны даярлауда иновацияларды енгізуде саласында көшбасшы, сондай-ақ еліміздің Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ведомствоаралық оқу-әдістемелік және ғылыми орталығы болып табылады.