• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 16 Маусым, 2020

Жалақылары белгілі болды

146 рет
көрсетілді

Жуырда Рио Олимпиадасының чемпио­ны Нижат Рахимов бастаған бір топ қа­зақстандық ауыр атлеттер федерацияға ренішін айтып, әлеуметтік желіде жыл басы­нан бері жалақы ала алмай келе жатқанын мәлімдеген еді.

Атап айтар болсақ, олардың ішінде Нижат Рахимовтан бөлек, Рио Олимпиадасының қола жүлдегерлері Карина Горичева мен Денис Уланов, 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс медаль иегері Игорь Сон, елішілік және халықаралық додаларда үздіктер қатарынан көрініп жүрген Ибрагим Берсанов, Айдар Қазов пен Рүстем Сыбай бар. Осы мәселеге Спорт және дене- шынықтыру істері комитеті пікір білдіріп, атлеттер даулаған қаржы жалақы емес демеушілер тарапынан берілетін қосымша сыйақы екенін айтты. Ал Ұлттық Олимпиада комитеті тарапынан спортшыларға тұрақты жалақы беріліп келгені белгілі болды.

Мысалы, 2020 жылдың 1 қаңтар мен 31 мамыр аралығында Нижат Рахимов – 4 250 000 теңге (орта есеппен айлық жалақысы 850 мың теңге), Денис Уланов – 2 250 000 теңге (айына 450 мың теңге), Игорь Сон – 1 250 000 теңге (айына 250 мың теңге), Карина Горичева – 1 000 000 теңге (айына 200 мың теңге), Ибрагим Берсанов – 823 868 теңге (айына 164 773  теңге), Айдар Қазов – 795 701 теңге (айына 159 140 теңге), Рүстем Сыбай – 778 801 теңге (айына 155 760 теңге) жалақы алған.