• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Коронавирус 16 Маусым, 2020

Ақмола облысында коронавирус жұқтырған тағы 10 адам анықталды

195 рет
көрсетілді

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Ақмола облысында тағы 10 адамның коронавирус жұқтырғанын мәлім етті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"COVID-19 вирусы Көкшетау қаласында жұқтырудың 6 жаңа жағдайы анықталды. Олар бұрын анықталған жағдай бойынша жақын байланыста болған. Жұқтырғандар - бір отбасының мүшелері, 1976, 1999 жылы туған ер адамдар және 1965 жылы туған әйел адам. Сондай-ақ облыс орталығындағы медициналық көмекке өздігінен жүгінгенгендер болды. 1965, 1975 жылы туған ер адамдар мен 1979 жылы туған әйел адамда температураға, тамақтың жыбырлауына және тыныс алудың қиындауына шағымданған", - делінген хабарламада.

Барлық науқастар бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алып жатыр. Ауру ошақтарында дезинфекция жасалған. Соңғы мәліметтер бойынша, облыста коронавирус жұқтырғандар саны 205-ке жетті, 251 адам емделіп шықты.