• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Маусым, 2020

Отандық теңіз порттары арқылы 2,6 млн тонна жүк тасымалдаған

332 рет
көрсетілді

2020 жылдың алғашқы бес айында Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы 2,6 млн тоннаға жуық жүк тасымалданған, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл ретте жүк автокөлік құралдарын ауыстырып тиеу көлемі 10%-ға артып отыр. Өткен жылдың 5 айында бұл көрсеткіш 2564 болса, биыл 2824-ке жеткен.

Сондай-ақ контейнерлерді ауыстырып тиеу 19% өсіп, 11 712 болды.

"Биылғы қаңтар-мамыр айларында Каспий теңізіндегі порттар арасында 1 млн. тонна жүк тасымалданды немесе өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 104% құрады (967 мың тонна)", - делінген Көлік комитеті таратқан ақпаратта.