• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Маусым, 2020

Шымкентте коронавирус індетін жұқтырған тағы 25 адам анықталды

290 рет
көрсетілді

Шымкент қаласында соңғы тәулікте коронавирус инфекциясының 25 жағдайы тіркелді. COVID-19-бен ауырғандардың барлығы инфекцияға симптомы бар науқастар боп шықты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Сондай-ақ 2020 жылғы 15 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ тағы 57 тасымалдаушы тіркелген.

Елімізде короновирус инфекциясымен ауырғандар саны 15 мыңнан асты. Өткен тәулікте тағы 383 адамнан коронавирус анықталған. Осылайша, Қазақстанда COVID-19-бен ауырғандар саны 15192-ге жетті.

Өкінішке қарай, 15 маусымда тағы төрт адамның COVID-19-дан қайтыс болғаны хабарланды. Өлім жағдайлары Алматы қаласымен Ақтөбе, Павлодар облыстарында тіркелген.

Қазіргі таңда елімізде қауіпті індеттен қайтыс болғандардың саны 81-ге жеткен. Сондай-ақ, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан сауығып 200 адам емделіп шыққан. Жалпы ел бойынша аурудан ем қабылдап айығып шыққандардың саны 9388 .

Күнделікті статистикалық ақпарат көрсеткендей, әлем бойынша қауіп төндіріп тұрған аты жаман індеттің көрсеткіші азайған жоқ. Сондықтан алдын алып, санитарлық талаптарға ден қойған жөн дейді денсаулық сақтау саласының мамандары.

 

Шымкент