• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Спорт 16 Маусым, 2020

Серхио Рамос Рональд Куманды қуып жетті

338 рет
көрсетілді

Күллі әлемді жайлаған пандемияның салдарынан бірер айға созылған үзілістен кейін қайта жалғасын тапқан футболдан Испания Ла Лигасынның 28 турында екі бірдей керемет көрсеткіш тіркелді, деп жазады Egemen.kz

 

Біріншісі, "Барселонаның" капитаны Лионель Мессидің есімі Испания чемпионатында 12 маусым бойы 20-дан аса гол соққан тұңғыш футболшы ретінде тарихта қалғаны жайында біз бұған дейін де жаздық. Сырт алаңда "Мальорқаға" қарсы кездесуде Аргентинаның жұлдызы бір рет нысананы дәл көздеп, екі рет оңтайлы пас берді. Нәтижесінде, бұл матч 1:4 есебімен каталониялық команданың пайдасынан шешілді.

Екіншісі, Серхио Рамостың ерлігі. "Реал" мен "Эйбар" арасындағы бәсекеде корольдық клубтың капитаны 30 минутта қарсыластар қақпасынан саңлау тауып, Ла Лигадағы 67 голдың авторы атанды. Осылайша ол Испания біріншілігінде ең көп гол соққан қорғаушылар сайысында Рональд Куманды қуып жетті. 1989-1995 жылдар аралығында "Барселонаның" намысын қорғаған даңқты нидерландық футболшы да 67 мәрте мергендік танытқан еді. Енді 34 жастағы Рамосқа ойыншы ретіндегі карьерасын әлдеқашан аяқтаған Куманды басып озуына тамаша мүмкіндік туындап отыр.