• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Маусым, 2020

Атырауда тағы екі адам қайтыс болды

893 рет
көрсетілді

Бүгін түске дейін коронавирус инфекциясынан бір науқас көз жұмған еді. Енді тағы екі адам о дүниелік болды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы ақпарат таратқан облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, қайтыс болғандардың екеуі де – ер адам.

"Оның бірі –55 жаста, екіншісі –57 жастағы Құлсары қаласының тұрғыны. Алғашқы  науқас провизорлық стационарға түскенге дейін 5 күн ауырған. Сонан соң емханаға медициналық көмек алуға жүгінген. Ауруханаға түскен кезде екі науқаста да интоксикациялық синдром болып, дем жетпеген. Науқастардың  жағдайы өте ауыр болды. Оларға коронавирус инфекциясы, екі жақты полецегменттік  пневмония диагнозы қойылған еді", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Осылайша, қауіпті індетке шалдыққан науқастардан қайтыс болғандар 6 адамға жетіп отыр.

 

Атырау облысы