• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Маусым, 2020

Гүлшара Әбдіқалықова: Санитарлық талап қатаң сақталуы керек

272 рет
көрсетілді

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен облыстық жедел штабтың кезектен тыс отырысы өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Күн тәртібінде "COVID-19" коронавирустық инфекциясының алдын-алу шаралары,  "Жұмыспен қамту жол картасы" және "Еңбек" мемлекеттік бағдарламаларының орындалу барысы қаралды.

"Республика бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі, соңғы күндері коронавирус инфекциясының күн сайын 1000-ға жуық жағдайы тіркелуде. Облыс аумағында жалпы 665 адам тіркелсе, оның 507-і симптомды, 158-і симптомсыз түрі. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантиндік шектеулердің сақталуын қатаң бақылауға алып, мониторингтік топтардың жұмыстарын жандандыру қажет", - деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуді күшейтіп, облыстық білім басқармасының басшысына 12 балаға дейін  рұқсат етуді қоспағанда жалпы балабақшалар жұмысын тоқтата тұру жолдарын қарастыруды тапсырды.

Жиында облыс әкімінің орынбасары Н. Байқадамов "Жұмыспен қамту" жол картасының, ал, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Т.Дүйсебаев "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы баяндады.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қала және аудан әкімдеріне мемлекеттік бағдарлама арқылы жұмыс жүргізіп жатқан мердігер мекемелердің жұмысшыларды келісімшартпен немесе еңбек шарттарын  "Электрондық еңбек шарттарын есепке алудын бірыңғай жүйесі" автоматтандырылған дерекқорға енгізу арқылы жұмысқа қабылдауын қадағалауды тапсырды.

Қызылорда облысы бойынша халықты жұмыспен қамтуға ықпал жасау жөніндегі 2020 жылға арналған кешенді жоспар  қабылданған. Оның ішінде "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмысқа 7359 адам тартылды. Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша маусым айының 17-нен бастап  1800 азаматты қысқа мерзімді оқыту жоспарлануда. Сондай-ақ, 15 маусымнан  888 бағдарламаға қатысушы "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін онлайн режимде оқуды бастады.