• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экология 17 Маусым, 2020

Көліктерден жылына 32,8 мың тонна улы газ ауаға тарайды

987 рет
көрсетілді

Облыстық Экология және қоршаған ортаны қорғау  департаментінің мәліметінше, автокөліктерден шығатын улы газдың атмосфералық ауаға кері әсері аз емес, деп жазады Egemen.kz

Өнеркәсіптік зиянды қалдықтардан бөлек көліктерден шығатын газдың да экологиялық ахуалға айтарлықтай залал келтіреді. Экологтердің айтуынша, белгілі бір аумақта автокөлік шоғырла-натын болса, мәселен, кептеліс кезінде автомобильден ауаға шығатын ластаушы заттар көлемі шекті-ұйғарынды концентрациясынан асып кетеді.

Былтыр облыс орталығында бензинмен жүретін 84 автомобиль тексеріліп, 38-інде улылық нормасынан асқаны анықталған. Ал дизельмен жүретін 58 жүк көлігін тексергенде 7-уінде түтін тиісті шектен артықтығы байқалған. Көлік иелеріне жергілікті полиция қызметі қызметкерлері тарапынан  айыппұл салынған. Қазір өңірде 192 мыңнан астам жеңіл көлік тіркелген. Облыс орталығында 91 мың автомобиль бар.

Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларындағыдай болмаса да, облыс орталығындағы көлік ағыны түскі, кешкі кептелістерден байқалады. Бұған көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында қаптап, заңсыздықты бұзып, қаз-қатар тізіліп тұрған көліктерді қосыңыз.

Өздерінің ұл-қыздары, кішкентай балалары ойнайтын аула ішін қалай улы газға толтыратындарын көлік иелері әлі түсінбей  жүрген сияқты. Облыс  орталығында  автотұрақтар бар, бірақ, аз, оның өзі "жабайы" түрде жасалған.

Экологтердің айтуынша,  автомобильдерден шығатын газ ауаны ластайтын қауіпті заттар қатарында. Бензинмен жүретін көліктерден көбінде ауаға көміртек тотығы, көмірсутек және азот тотығы тарайды. Ал дизельді қозғалтқыштары бар автомобильдерден азот оксиді мен қара күйе шығады. Пайдаланылған газ атмосфераның жер бетіне жақын қабатына қонады. Қарапайым тілмен айтсақ адамдар тыныстайтын ауа бөлігінде қалқып тұрады екен.

 

Павлодар  облысы