Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 маусымда Исатай ауданының бірнеше учаскесінде 40 гектар аумақ жанды, - деп жазады Egemen.kz
"Аудан орталығы – Аққыстау ауылынан 150 шақырым қашықта орналасқан Қамысқала ауылына қарасты "Айсақұдық" участогіндегі дала өрті туралы хабар түсті. Дала өртін сөндіруге 25 адам мен 6 техника жұмылдырылды. Оның ішінде 8 ерікті өрт сөндіру жасағы, 17 жергілікті тұрғын бар", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Дала өрті кеше толықтай сөндірілді. Тілсіз жау "Тұяқ қызыл", "Есенқара қоңыры", "Хасен", "Қоңырбай", "Айсақұдық", "Отау", "Қаштай", "Досқали" учаскелерін де шарпыды.