• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Маусым, 2020

Алматыда өндірістік компанияларды қолдау қандай болмақ?

278 рет
көрсетілді

Бүгін Алматы қаласының әкімі жұмыс сапары барысында Әуезов ауданындағы жеңіл өнеркәсіп орындары мен полиэтилен құбырын шығаратын зауытта болды, - деп жазады Egemen.kz

"Спира-Берга" зауытында газ және сумен қамту, су құбырының инженерлік желілері үшін полиэтилен құбырларын шығару дұрыс жолға қойылған. Зауыттың өндірістік қуаттылығы жоғары, мұнда жылына 8 мың тоннадан астам өнім шығарылады. 75 жұмыс орны құрылды.

Қала әкімі алты желі арқылы атқарылатын өндіріс үрдісімен танысты. Жұмыс процесстерінің басым бөлігі автоматтандырылған, оның ішінде цифрлық бақылау және барлық жұмыс тораптары мен агрегаттарының параметрлерін басқару да бар.

Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында кәсіпорын жабдықтарын модернизациялауда, ал бұл жұмыс сапасын арттырып, құбырларды механикалық және ультракүлгін сәулелерден зақымданудан қорғауда. Зауыт Алматының су, газ, кәріз құбырларына, сонымен қатар кабельдерді суару және құрғату жүйелерін қорғайтын құбырларға деген сұранысын қамтамасыз ете алады.

Қала басшысы жұмыс сапары барысында құбырлар ассортиментін игеру мен "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және мердігерлік компаниялармен бірге кәсіпорындардың тапсырыс беру мәселесін қарастыруды тапсырды.

Сонымен қатар қала әкімі "Мануфактура 24" ЖШС әйелдердің дизайнерлік киімдер шығаратын өндірістік цехында болды. Мұнда 24 адам жұмыс істейді.

Б. Сағынтаев қалаға белгілі бір тауарларға және қызметтерге деген сұранысты қанғаттандыратын әрі сапалы жұмыс орындарын ашатын осындай ШОБ кәсіпорындарының қажет екенін атап өтті.