• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
17 Маусым, 2020

Нұр-Сұлтанда инфекция жұқтырғандар саны өсуде

151 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордада эпидемиологиялық ахуалдың нашарлағанын айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Қазіргі уақытта елордада эпидемиологиялық ахуал нашарлады. 17 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында 2951 коронавирус инфекциясы жағдайы тіркелді. Инфекция жұқтырғандар саны өсуде. Дәрігерлерге, медбикелерге және коронавирус инфекциясымен жұмыс істейтін барлық басқа қызметкерлерге үлкен міндет жүктелді. Үш айдан бері дәрігерлер күшейтілген режимде жұмыс жасауда", - деді Сәуле Қисықова.

Оның айтуынша, соңғы 3 күнде күн сайын орта есеппен 150-ден астам коронавирус ауруы тіркелуде. Олардың 50 проценті індеттің сиптомсыз түрімен ауыратындар.