• RUB:
    5.05
  • USD:
    491.71
  • EUR:
    529.97
Басты сайтқа өту
Коронавирус 17 Маусым, 2020

Коронавирустың емі табылды

44106 рет
көрсетілді

Бұл жаңалықты бүгін түс ауа ДДСҰ жариялады. Медицина тілінде "дексаметазон" деп аталатын дәрінің бағасы 10 АҚШ долларынан аз тұрады. Әлем халқын көп күттірген препарат   1960 жылдан бері қолданыста ие екен, - деп хабарлайды Egemen.kz  ДДСҰ-ның сайтына сілтема жасап.   

Ұйым басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус бүгін таңертең журналистермен кездескен кезде "дексаметазон" деп аталатын препараттың сынама нәтижелерін "ғылыми серпіліс" деп баға берді.

Себебі әлемдік қауымдастық   препарат індеттен өлім-жітім санын үштен бірге азайтады деп үміттеніп отыр. "Сәрсенбіде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Ұлыбританияда өткізілген клиникалық зерттеулердің алғашқы нәтижелерін мақұлдады және кортикостероидты дексаметазон коронавирусы ауыр науқастар үшін өмірлік маңызы бар екенін көрсетті", делінген ұйымның сайтында.  Бағасы  10 доллардан аз тұратын бұл препаратты қолданған кезде  вентиляторларға қосылған науқастардың өлімі үштен бірге, ал оттегіге мұқтаж адамдар арасында бестен бір бөлігі азайды. Препараттың артықшылығы тек ауыр науқастарда байқалады.  

"Бұл керемет жаңалық, мен Ұлыбритания үкіметін, Оксфорд университетін, ауруханалар мен осы ғылыми жетістікке үлес қосқан пациенттерді құттықтаймын.  Нәтижелер көрсеткендей, бұл препарат коронавирусты оттегі маскасы немесе механикалық желдетуді қажет ететін пациенттердің өлімін азайтады", деді ДДСҰ жетекшісі Тедрос Адан Гебрейсус.

Дексаметазон – стероидты гормон, ол 1960-шы жылдардан бастап белгілі бір жағдайларда қабынуды азайту үшін, соның ішінде қатерлі ісіктің кейбір түрлерін азайту үшін қолданылады.  1977 жылдан бастап ДДСҰ негізгі дәрілік заттардың үлгілік тізіміне бірнеше формуламен енгізілген және қазіргі уақытта көптеген елдерде патенттелген және  бағасы қол жетімді. 

Ақпан айында Женевада ДДСҰ зерттеу және дамыту жоспары бойынша өткен жиында  коронавирусты емдеудің денсаулық сақтау технологияларын енгізуді жеделдетуге бағытталған және стероидтарды қолдану бойынша одан әрі зерттеулерге басымдық берілген болатын.  ДДСҰ коронавируспен күресу үшін өмірлік маңызды дәрі-дәрмектер мен вакциналарды жасау бойынша барлық серіктестермен жұмысты жалғастыратындығын мәлімдеді.

Айта кету керек, Оксфорд университеті ғалымдарының зерттеу нәтижелері бойынша қабынуға қарсы қолданылған дексаметазонның арқасында коронавирустан өлім көрсеткіші күрт төмендеген.

Ұлыбритания басшылары күні кеше бұл дәріні COVID-19-ға қарсы қолдануға рұқсат берген еді.