Германияда жаңа типті коронавирус инфекциясын бір күнде 580 адам жұқтырып үлгерді. Оның 26-сы қайтыс болды. Бұл туралы Федералды денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы Роберт Кох институты хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Осыдан бір күн бұрын 345 жаңа инфекция тіркеліп, оның 30-ы ауыр диагнозбен қайтыс болған еді. Бүгінде Германияда індеттің 187 764 жағдайы анықталса, оның 85 856 науқас қайтыс болған. Сондай-ақ 174 мыңнан астам адам сауығып кетті.
Инфекцияның таралу аймағы бойынша Баварияда (47,747), Солтүстік Рейн-Вестфалияда (39,777) және Баден-Вюртембергте (35 218) тіркелді. Соның ішінде Берлинде 7 475 инфекция анықталды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурызда пандемиямен жаңа коронавирус инфекциясының басталғанын хабарлаған болатын. ДДҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша, әлемде 8 млн-нан астам инфекцияның жағдайы анықталып, 440 мыңнан астамы қайтыс болды.