• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Әлем 18 Маусым, 2020

Перу Италияның кебін кие ме?

357 рет
көрсетілді

Қазіргі уақытта Перуде вирус жұқтырғандардың саны 240 908 құрайды, бұл Италияға қарағанда әлдеқайда көп. Бұл туралы BBC News агенттігіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Бүгінгі таңда Перу вирус жұқтырғандар санымен Бразилиядан кейінгі екінші орынды алып отыр. Қазірдің өзінде миллионнан астам науқас тіркелген. Перуде қаза тапқандар саны 7257-ні құраса, Бразилияда 45000-нан асады.

Латын Америкасында − төрт миллионнан астам адам инфекция жұқтырған, сөйтіп ол пандемияның негізгі эпицентріне айналды. Солардың қатарында зардап шеккен Бразилия, Перу және Чили елдері де қосылып отыр. 

Ахуалдың күрт нашарлауына байланысты Перу енді карантиндік режімді 30 маусымға дейін ұзартты. Себебі күніне науқастардың саны жылдам өсуде. Соңғы бір күнде 3700 жағдай тіркелген. Бұл тек дағдарысқа дейін мамыр айындағы ауырғандардың орташа саны деуге болады.