Осынша шешімді аудандық бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Талғат Хабибуллин өз қаулысымен бекітті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
"Жылыой ауданында эпидемиологиялық жағдай толық тұрақтанға дейін карантин режимі және шектеу шаралары 2020 жылдың 2 шілдесіне дейін ұзартылсын", - делінген құжатта.
Сондай-ақ 18 маусым сағат 07:00-ден бастап күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық шараларға қатысты бірнеше уақытша шектеулер белгіленіп отыр. Оның ішінде жиналыстарды, кеңестерді, семинарларды, конференцияларды селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыспен өткізу арқылы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің 80%-ын қашықтан жұмыс жасау формасына ауыстыру да бар.
Ауданда осы кезге дейінгі қолданылып келген шектеулер талабы бұрынғыша сақталады.