• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Маусым, 2020

Атырауда қауіпті індеттен екі әйел көз жұмды

561 рет
көрсетілді

Коронавирустың құрсауынан шыға алмай, қайтыс болғандар – 73 және 40 жастағы әйелдер, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, Тасқала елді мекенінің  40 жастағы тұрғыны 8 маусымда әлсіздік, құрғақ жөтел, тәбеттің болмауы, жүрек айну мен құсудың қайталануы салдарынан  медициналық қызметке  жүгініпті. Кейін науқас  жедел түрде облыстық аурухананың провизорлық стационарына жатқызылды.  Алгоритмге сәйкес,  науқастан ПТР тест алынып, нәтижесінде коронавирус анықталған.  Дәрігерлер әйелден  өкпенің екіжақты "күңгірт әйнек" типті өзгерісін байқаған.

Қабылдау кезінде 40 жастағы әйелден интоксикация белгілері анықталып, жағдайы  "орташа" деп бағаланды. Науқас тәбеттің  болмауы, құсу,  дене қызуының  37°C-қа көтерілуі, тамақтың қызаруы және  жиі құрғақ жөтел қайталанғанына шағымданған. Аурханада науқасқа клиникалық хаттамаға сәйкес, емдік шаралары жүргізілді.

"17 маусым күні кешке  марқұмның  жағдайы күрт нашарлап, есінен танды. Сол себептен,  шұғыл түрде жансақтау бөліміне жеткізілді. Оған 30 минут ішінде реанимациялық шаралар толық көлемде  жүргізіліп, дәрігерлер науқасты құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Алайда, сағат 21:30-да биологиялық өлім анықталды.  Науқасқа қойылған қорытынды диагноз: COVID-19, екі жақты полисегментті  пневмония. Өлімнің себебі: өкпе эмболиясы", - деп түсіндірді денсаулық сақтау басқармасынан.

Ал, қайтыс болған екінші әйел –73 жастағы Атырау қаласының тұрғыны. Ол 12 маусымда облыстық аурухананың провизорлық стационарынан  жансақтау бөліміне жеткізілген.  Ес-түссіз күйде реанимацияға жөнелтілген  науқасқа ИВЛ аппараты қосулы болған.

"№2 облыстық ауруханаға келген кезде науқастың жағдайы өте ауыр болды. Республикалық ахуалдық  орталығының реаниматологтары мен  пульмонологтарынан  телефон арқылы  бірнеше рет кеңес алынды.  Қабылданған шараларға қарамастан, 17 маусымда  сағат 20:40-та биологиялық өлім тіркелді.  Әйелге қойлыған қорытынды диагнозы: COVID-19, екі жақты полисегментті пневмония,  ілеспелі ауруларының  диагнозы: жүректің бастапқы зақымдануы бар гипертензия және  семіздік. Аурудың асқынуы салдарынан науқаста полиорган жетіспеушілігі пайда болған", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Осылайша, бүгін, 18 маусымда Атырау облысында коронавирус инфекциясынан 8 адамның өлімі тіркеліп отыр.