Халықаралық жеңіл атлетика қауымдастығының (World Athletics) бұрынғы президенті Ламин Диак төрт жылға түрмеге қамалуы мүмкін, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазіргі кезде Франция прокуратурасы осы бағытта жан-жақты жұмыстар жүргізуде. Олардың қолында Ламин Диак Халықаралық жеңіл атлетика қауымдастығын басқарған жылдары пара алған, ресейлік спортшылардың допинг қолданғанын жасырған және тағы басқа қылмыстар жасағаны жөнінде бұлдытпас айғақтар бар көрінеді.
87 жастағы Ламин Диак Сенегалдың астанасы – Дакарда туып-өсті. Кезінде ұзындыққа секіруден Франция чемпионы атанып, 1960 жылы Римде алауы тұтанған Олимпия ойындарына баруға мүмкіндігі болды. Алайда тізесінен жарақат алып, төртжылдықтың басты додасынан шет қалды. Үлкен спортпен қош айтысқаннан кейін түрлі әкімшілік қызметтер атқарды. Ал 1999-2015 жылдар аралығында Халықаралық жеңіл атлетика қауымдастығын басқарды. Бүгінгі таңда Диак мырза жұбайы екеуі 15 баланы тәрбиелеп өсіріп, олардан немереме мен шөбере сүйіп отыр.