• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Үкімет 18 Маусым, 2020

Азаматтардың құқықтарына қатысты жаңа кодекс қабылданды

305 рет
көрсетілді

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында сенаторлар Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін қабылдады.

Кодекс азаматтардың өздерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне тікелей қатысты басқару шешімдерін қабылдау процесіне шынымен қатысуға мүмкіндік беретін құқықтық кепілдіктерді белгілейді.

Сонымен қатар жоғары тұрған органдарда және сотта билік органдарымен дауларды қарау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктері құрылады.

Кодекс Мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді. Жаңа құжат 2021 жылғы 1 шілдеде қолданысқа енгізіледі.