• RUB:
    4.93
  • USD:
    523.17
  • EUR:
    550.06
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Маусым, 2020

Жемқорлықпен күресудің жолдарын талқылады

470 рет
көрсетілді

«Саналы ұрпақ» жобасының кеңсесін әуелі Алматыда ашқанбыз.

Өскеменде Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ және «Шығыс-Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Адал жолмен жарқын болашаққа!» атты онлайн вебинар өтті. Онлайн кездесудің бас қонағы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің республикалық «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің басшысы Қайыржан Токушев «Республикалық «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі 2018 жылы құрылғанын атап өтті. «Қазақстандағы 127 жоғары оқу орны­ның 38-і Алматыда орналасқан. Сондықтан «Саналы ұрпақ» жобасының кеңсесін әуелі Алматыда ашқанбыз. Осы уақытқа дейін әр қалада, әртүрлі оқу орындарында «Парасат» орталықтары өз алдына жұмыс атқарып келсе, енді бір арнаға тоғысып, бірлесе жұмыс жүргізуді қолға алу керек» дейді ол. Спикер сонымен қатар «PUBLICBUDGET.KZ сайтындағы «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы туралы кеңінен әңгімелеп берді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті басшысының орынбасары Жігер Байдилдин «Парасатылық – сыбайлас жемқорлықпен күрестегі алғышарт» тақырыбында баяндама жасап, жастар арасында адал және парасатты ортаны қалыптастыру мақсатында атқарылып жатқан шараларға тоқталды. Облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары  Айгүл Оралғазықызы оқу орындарымен бірлесе жұмыс істеуді, білім беру саласындағы жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбейтін ортаны қалыптастыру бойынша ұсыныстарын айтты. Вебинар соңында «Шығыс-Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Маржан Бақыт облыстағы  сыбайлас жемқорлық көріністеріне тоқталып, мемлекеттік мекемелердің жұмысына қоғамдық бақылау орнату, қарапайым халықтың құқықтық сауатын ашу және күнделікті өмірде байқала бермейтін  ҰБТ жағдайындағы оқушының ұялы телефон алып кіруінің өзі- сыбайлас жемқорлықтың бастамасы екендігін жеткізді. Шара соңында университеттің бірінші проректоры Сәуле Рахметуллина қатысушыларға алғыс білдіріп, вебинар жұмысын қорытындылады.  

ӨСКЕМЕН